Қазақстан тарихынан танымдық сабақ
11.09.2026
Торғай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі КММ-де 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылған Тілдер апталығы аясында 5–6 сынып оқушылары арасында «Ахмет Байтұрсынұлының ізімен» атты танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы, қазақ тілінің дамуына қосқан үлесі туралы білімдерін толықтырды. Танымдық сайыс барысында оқушылар түрлі тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
🎯 Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, Ахмет Байтұрсынұлының мол мұрасын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру.
👨🏫 Ұйымдастырушы: тарих пәнінің мұғалімі Аламнашрих А.
“Тарихын білген , тілін сүйген ұрпақ - ел болашағы”