АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНАТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ "ТОРҒАЙ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА ТОРГАЙ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тарих әлеміне саяхат

21.01.2026

Ақмола облысы білім басқармасының
Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі
«Торғай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де
5 «А» сыныбында тарих апталығына орай, «Тарих - әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың Қазақстан тарихы бойынша білімдерін кеңейту, тарихи ұғымдарды ойын технологиялары арқылы меңгерту, сондай-ақ топта жұмыс істеу, өз ойын еркін жеткізу, ойлау дағдыларын дамыту болды.
Іс-шара барысында оқушылар белсенді түрде қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Жасанды интеллект көмегімен дайындалған «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалдық ойыны арқылы оқушылар тарихи сұрақтарға жауап беріп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытты. Сонымен қатар, «Фото-ребус», «пазл ойыны», «сәйкестендіру» тапсырмалары жасалынды. Екі топ жарысып, «Сақтар» тобы 1 орынмен «Ғұндар» тобы 2 орынмен марапатталды. 
Іс-шараны өткізген: тарих пәнінің мұғалімі Аламнашрих Акжол.

Просмотров: 17


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст