Текст
19.01.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі
«Торғай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де тарих пәнінің мұғалімі Аламнашрих Акжол 6-сынып оқушыларына Қазақстан тарихы пәнінен жасанды интеллект (ЖИ) көмегін пайдалана отырып, ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында білім алушылардың тарихи ойлау дағдыларын дамытуға және ақпаратты талдай білу қабілеттерін жетілдіруге бағытталған заманауи әдіс-тәсілдер қолданылды. ЖИ құралдары арқылы интерактивті тапсырмалар орындалып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты.
Ашық сабақ әріптестер тарапынан оң бағаланып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.