АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНАТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ "ТОРҒАЙ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА ТОРГАЙ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Желтоқсан оқиғасының қаһарманымен кездесу

15.12.2025

"Торғай ауылының ЖОББМ" КММ-де Тәуелсіздік күніне орай тағылымы терең, тәрбиелік мәні зор кездесу ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға Алматы қаласынан арнайы келген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қаһарманы, жерлесіміз Бегалинов Абай Құрметұлы қатысты.
Кездесу барысында қонақ өз өмір жолымен, Желтоқсан көтерілісінде көрген қиындықтарымен, сол кезеңдегі жастардың ел болашағы үшін жасаған ерлігі жайлы әсерлі әңгіме өрбітті. Қатысушылар Тәуелсіздіктің оңай келмегенін, оның артында қаншама жанқиярлық пен қайсар рух жатқанын терең сезінді.
Шара соңында оқушылар мен ұстаздар көкейдегі сұрақтарын қойып, батыр ағамызға зор алғысын білдірді.Бұл кездесу  жас ұрпақтың ел тарихына  деген құрметін арттырып,Тәуелсіздіктің құндылығын жүрекпен ұғынуға  үлкен ықпал  етті.

Просмотров: 29


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст