Текст
Ұлттық кітап күні онкүндігі аясында «Ғылымға апарар жол» тақырыбында қазақтың көрнекті ғалымы, академик Қаныш Сәтбаевқа арналған танымдық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар ғалымның өмірі мен ғылыми еңбектері туралы мәлімет алып, оның Қазақстан ғылымының дамуына қосқан зор үлесімен танысты. Сонымен қатар оқушыларға қызықты сұрақтар қойылып, танымдық тапсырмалар орындалды.
